Солтүстік Ирландия мен Шотландияға «Әли» дауылы соққы беріп, 200 мыңдай адам жарықсыз қалды. Соңғы деректер бойынша екі адам қаза тапқан. Құрбан болғандардың біріне ағаш құлап, екіншісінің көлігін екпінді жел ұшырып, құздан құлаған.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жетіп отыр. Жолдарға ағаштар құлап, көлік қозғалысы қиындай түсті. Сондай-ақ, күн райының қолайсыздығынан 50-ге жуық рейс кейінге шегерілді.
Тағы бір айта кететін жайт, Шотландияда туристерге толы круиздік лайнерлердің бағыттары өзгеріп, жолдан қалып жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.