Түркия экономикасы әлсіреп барады. Оның биыл және келесі жылы өсім көрсеткіштері болжамдағыдан төмен болмақ. Яғни, 2018 жылы бұл мемлекеттің жалпы ішкі өнімі небәрі 3,8 пайызға, 2019 жылы 2, 3 пайызға ғана артпақ. Мұндай мәліметті осыдан бірнеше сағат бұрын Түркия Қаржы министрі Берат Албайрақ Стамбұлда жария етті. Оның сөзінше, бұрынғы болжам бойынша түрік экономикасы осы екі жылда шамамен 5 пайызға өсуі тиіс болған.
Айта кетсек, Түркия елден капитал қашқандықтан, ақша дағдарысын бастан кешіп жатыр. Жыл басынан бері оның ұлттық валютасы – лира доллардың қасында 40 пайызға арзандады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.