Үндістанның солтүстік-батысында үздіксіз нөсер жауып, тасқын мен лай көшкініне ұласты. Осының салдарынан бірнеше тас жолда көлік қозғалысы тоқтаған.
Аймақтағы өзендердің барлығы арнасынан тасуға жақын. Табиғи апаттан, әсіресе, Куллу қалашығы орасан зардап шегіп отыр. Лай көшкіні мұндағы бірнеше үйді басып қалған.
Жергілікті билік апатты аймақта қалған тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тапсырма берді. Құтқару жұмыстарына тікұшақтар да тартылып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.