Қырғызстан сыртқы істер министрлігі елдің Кореядағы елшісі Кылычбек Сұлтанды дипломатиялық этика нормаларын бұзды деп айыптады. Дипломатқа мұндай кінә Сеулде қырғыздың жоғары лауазымды шенеунігінің шу шығарғанын көпке жариялағаны үшін тағылып отыр.
Қыркүйектің 22-де Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Зуурукан Кәденова «Эйр Астана» ұшағының бортында лайықсыз мінез көрсетіп, жолсеріктермен дауласып, дипломатиялық паспортын көрсеткен.
Сондықтан, экипаж командирі оны рейстен түсіру туралы шешім қабылдады. Сол оқиғадан кейін көп кешікпей республика премьер-министрі Кәденованы қызметтен босату жайлы қаулыға қол қойған. Алайда, Кәденованың өзі сол күн мас болмағанын және жүрек дәрісін көп ішкенін айтып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.