Бейжің АҚШ-тың қару сатуына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің АҚШ-тың қару сатуына қарсы

25.09.2018

Бейжің Вашингтонның Тайваньға 330 миллион доллардың қару-жарағын сатуына қарсылық білдірді. Қытай АҚШ-ты өзара қарым-қатынастарға нұқсан келтірмеу үшін бұл райынан қайтуға шақырып отыр. Мұндай мәлімдемені елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Гэн Шуан бүгін жасады. Бұған қоса, дипломат Тайвань - Қытайдың бір бөлігі екенін ескертті. 

Айта кетсек, дүйсенбіде АҚШ Тайваньға  жойғыш ұшақтар мен өзге де әскери әуе техникасына арналған бөлшектер сатуға келісті.  Пентагонның мәлімдеуінше, бұл шешім Тайванның қорғаныс мүмкіндігін арттыру үшін қажет.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу