«Жаңбырда да, суықта та «iPhone» алу кезегіне тұрамын. Өз орнымды небәрі 100 мың рубльге сатуға дайынмын». Бірнеше күннен бері Мәскеуде осындай жарнамалар ғаламторда көбейіп кеткен. Өйткені, ертеңнен бастап Ресей астанасында «Apple»-дің су жаңа смартфондары сатыла бастайды.
Тверской бульварындағы осы компанияның фирмалық дүкені алдында нағыз күркелер қалашығы ашылған. Мұнда адамдар жаңа «iPhone Xs» алуға кезекке тұру үшін барып жатыр. Тіпті, кезекке тұруды кәсіпке айналдырып, орындарын саудалайтындар бар.
Мұндай адамдар «трамитадорлар» деп аталады. Яғни, олар өздеріне телефон сатып алу үшін емес, керісінше, пайда табу мақсатында кезекке тұрады. Олар смартфонды алғашқылардың бірі болып сатып алғысы келетіндерге кезектегі орындарын 100, 300, тіпті 400 мың рубльге сатады екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.