Илон Маск алаяқтыққа барды деген күдікке ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск алаяқтыққа барды деген күдікке ілікті

28.09.2018

«Тесла» компаниясының негізін қалаушы Илон Маск алаяқтыққа барған болуы мүмкін. АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржа бойынша комиссиясы кәсіпкерге осындай айып тағып отыр. Аталған орган Манхэттеннің федералдық сотында Илон Маскке қарсы іс қозғамақ. Бұған Масктың «Тесла» компаниясына қатысты жасаған мәлімдемесі түрткі болса керек. Тамыздың басында Илон Маск өзіне «Тесланың» барлық акцияларын сатып алуға көмектесетін сенімді акционердің бар екенін айтқан еді. Бұл мәлімдемеден кейін компанияның құнды қағаздары қымбаттап, алайда, лезде арзандап кетті. Бұдан инвесторларға миллиондаған доллар шығын келген екен. Осы жайттан кейін Маскке акциялары биржада саудаланатын компанияларды басқаруға тыйым салу және айыппұл салу жағы тақыланып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу