Сеул Пхеньян да осындай қадамға барады деп үміттеніп отыр. Ал, желтоқсанға дейін тараптар, шекарадан 11 сақшылар бекетін алып тастамақ. Сонымен қатар, екі мемлекет осы аймақта 1950-1953 жылдары жоғалып кеткен жауынгерлерді бірлесіп іздеуді жоспарлап отыр.
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшылары биыл үш рет саммит өткізіп, түбекте шиеленісті азайтып, өзара сенім орнатуға келісті.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, екі елдің ортасындағы 248 шақырымдық шекара бойына 2 миллиондай мина жасырылған болуы керек.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.