Палестиналықтар ереуіл жариялап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Палестиналықтар ереуіл жариялап жатыр

01.10.2018

Бүгін палестиналықтар жалпыұлттық ереуіл жариялайды. Сондықтан, Батыс жағалауда, Иерусалимде, Газада мектептер, университеттер, мемлекеттік кеңселер, дүкендер жұмысын уақытша доғармақ. Қоғамдық көлік те тоқтап жатыр.

Осылайша, автономия тұрғындары еврей мемлекеті туралы заңға қарсылық білдіріп, Израильдің өз ішінде тұратын арабтарға қолдау көрсетіп жатыр.

Айта кетсек, биыл шілде айында Кнессет Израильді еврейлердің ғана мемлекеті деп сипаттайтын заң қабылдады. Бұл құжат Израильдің 9 миллион тұрғынының бестен бір бөлігін құрайтын 2 миллионға жуық палестиналық арабты қатты ашындырып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу