Медицинадан Нобель лауреаттары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицинадан Нобель лауреаттары анықталды

01.10.2018

Бүгін медицина және физиология саласы бойынша 2018 жылдың нобельдік лауреаттары анықталды. Олар – америкалық және жапондық иммунологтар - Джеймс Элисон мен Тасуку Хондзе. Екі ғалым әйгілі сыйлыққа рак ауруларын терапиялаудың революциялық тәсілдерін ашқаны үшін ие болып отыр.

Нобель жүлдесі – 1 миллион долларға жуық. Оны Элисон мен Хондзе тең бөліп алады. Ал, ертең физика, сәрсенбіде – химия, жұмада – бейбітшілік бойынша лауреаттардың есімдері жарияланады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу