Францияда қызық жайт болды. Париждің солтүстігіндегі дәмханалардың біріне тапа-тал түсте бір ат мөңкіп кіріп, қонақтардың зәресін ұшырды. Фермадан қашып кетіп, адамдарға тосынсый жасаған жылқы сол жерде орнатылған камераға түсіп қалған.
Ерекше қонақ келген сәтте, дәмханада 7 адам ғана болыпты. Мекеме қожайыны Стефан Жасминнің айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, ферма қожайынының сөзінше, бұл тай соңғы кездері осылай қашуды әдетке айналдырып алған екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.