Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған өнімдердің тізбесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған өнімдердің тізбесі жарияланды

06.11.2014
Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған өнімдердің тізбесі жарияланды

Кеден одағының техникалық регламенттері кей тауарлардың қымбаттауына әкелуі мүмкін. Астаналық мамандар осындай пікірде.

Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі осы регламенттер негізінде елімізге әкелуге және өткізуге тыйым салынған өнімдердің тізбесін жариялады.

Тыйым салынған тауарлардың ішінде бірқатар консервалық өнім, яғни, латвиялық шпроттар бар. Олардың энергетикалық құндылығы қате көрсетілген.

Ал, украиналық сүт өнімдері ақуыз, ылғалдылығы мен майлылығы жағынан талапқа сай келмейді.

 

Әлия ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу