Йеменде соңғы екі жылда 1 милионнан астам адам тырысқақ ауруына шалдыққан. Олардың 2400-ге жуығы қайтыс болды. Бұған елде тоқтамай жатқан қарулы қақтығыстардан дәрігерлердің жетіспеуі, денсаулық сақтау мекемелерінің нашарлап кетуі, ескіруі немесе мүлдем жабылуы себеп болған. Ал, маусымда «Шекарасыз дәрігерлер» ашқан тырысқақты емдейтін жаңа орталық әуе шабуылынан қирады.
БҰҰ-ның дерегінше, жыл басында Аден қаласының бір өзінде 275 мың адамға қауіпті ауруға қарсы екпе салынған. Жаңа деректерге сай, тырысқақтың таралу ауқымы кеңейіп, бұл дерт бұрын-соңды тіркелмеген өңірлерде де анықталып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.