Йеменде миллиондаған адам аштықтан зардап шегіп отыр. Олардың көпшілігі - балалар. Бұған азық-түлік бағасының шарықтауы, әскери қақтығыстар және жұмыссыздық деңгейінің өсуі себепші.
Аден қаласының «Ада Садака» деген госпиталінде асқа жарымағандықтан, ауруға шалдыққандар өте көп. Мұнда бөлмелер науқастарға лық толып, тіпті, орын жетпей жатыр. Балалардың көбінің іші өтіп, халдері нашарлап кеткен. Ата-аналар тапқан таянғанын оларды емдеуге жұмсап, өздері аш жүруге мәжбүр.
Йеменде аштық соңғы кезде өршіп тұр. Соғыс салдарынан Худайда порты бір жарым жыл бұрын жабылды. Сондықтан, елге тауар кіргізу қиындап, азық-түлік бағасы өсіп барады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.