Қытай үкіметі Интерполдың жоғалып кеткен басшысы Мэн Хунвэйдің тұтқындалғанын растады. Оны елдің коррупциямен күрес ведомствосы қолға түсірген. Ресми Бейжіңнің мәлімдеуінше, Хунвэй жемқорлық үшін күдікке алынып, оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда, әлемнің бас полицейі нақты не үшін айыпталып отырғаны белгісіз. Интерпол жексенбі күні мәлімдеме жасап, Мэн Хунвэйден басшылықтан дереу отставкаға кету туралы өтініш алғанын хабарлады.
Хунвэй Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары қызметін де атқарады. Интерполдың штаб-пәтері Францияның Лион қаласында орналасқан. Хунвэй қыркүйектің 25-де Қытайға аттанғаннан кейін ізім-қайым кетті. Соңғы айларда Қытайда бірнеше адам жоғалып кетті. Олардың қатарында миллиардерлер, мемлекеттік қызметкерлер, танымал жұлдыздар бар.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.