Саудиялық журналист Түркияда өлтірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саудиялық журналист Түркияда өлтірілген

12.10.2018

Саудиялық журналист Джамал Хашогги өз елінің Стамбулдағы консулдығында өлтірілген және оның денесі бөлшектелген. Бұған тіпті аудио және видео дәлелдер бар. Мұны Түркия үкіметіне сілтеме жасап, Американың атақты газеті «The Washington Post» хабарлады. 

Ал Түркияның «Сабах» басылымының мәліметінше, осы қылмысқа қатысты 15 адам анықталды. Олар саудиялық азаматтар болуы мүмкін. Күдіктілер қазанның 2-де Түркиядан әр түрлі уақытта ұшып кеткен. 

«Сабах» олардың аты-жөнін, туған жылдарын  жария етті. Хашогги қазанның 2-де Стамбулдағы консулдыққа неке қиюға қатысты  құжаттарын алу үшін кіріп кеткен. Ғимарат сыртында қалған қалыңдығының сөзінше, ол содан кейін миссиядан шықпай қойды. Бейнетаспада да журналистің консулдыққа енгені көрсетілген.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу