Берлинде 100 мыңдай адам «Германия үшін Альтернатива» партиясына наразылықтарын көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлинде 100 мыңдай адам «Германия үшін Альтернатива» партиясына наразылықтарын көрсетті

15.10.2018

Германия астанасы Берлинде 100 мыңдай адам оңшылдар партиясына қарсы шеруге шықты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, осылайша демонстранттар «Германия үшін Альтернатива» партиясына наразылықтарын көрсетті. Аталмыш партия  иммиграцияға тыйым салуды қолдайды екен.

Марш қатысушылары қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, Бранденбург қақпасының жанында жиналды. Шерушілер әлеуметтік желілер арқылы видеолар таратып, олар адам құқығын  және мигранттардың құқығын қорғау үшін осындай митингке қатысып отырғанын жазды. Сондай-ақ, демонстранттарды соңғы кезде қоғамдағы жағдайға оңшылдардың үлкен әсер етуі алаңдатады. 

Айта кетсек, Германияға келген мигранттар саны 2015 жылы күрт өсіп, олар миллионнан асқан.  

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ                                      

Хабарламаларға жазылу