Иракта қыркүйектің басынан бері ауызсудан уланғандардың саны 111-ге жетті. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Басра провинциясында болған. Жапа шеккендердің арасында мектеп оқушылары да бар. Ал, қыркүйекте ішуге жарамсыз судан 27 адам ауруханаға түскен. Содан бері олардың саны артып келеді. Шілдеден бері Ирактың бірнеше қаласында коммуналдық қызмет көрсету сапасының нашарлығына қарсы шерулер өтіп жатыр. Кувейт болса, Иракқа көмек ретінде су тұщыландыратын қуатты 4 қондырғы жөнелтпек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ