Түркия полициясы Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығында 9 сағат бойы тінту жүргізді. Олар қазанның екісінде журналист Джамаль Хашоггидің осы ғимаратқа кіргеннен кейін ізім-ғайып жоғалып кетуін тергеп жатыр. Түрік билігі консулдықта журналист азапталып, кейін өлтірілді деп күдіктенеді.
АҚШ-қа көшкен Джамаль Хашогги Саудия корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманды сынап келген еді. «CNN» және «Нью-Йорк Таймстың» хабарлауынша, Сауд Арабиясы журналистің өлімін мойындап, оның жауап алу кезінде барлау қызметкері қолынан қаза тапқаны туралы мәлімдеме жасамақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.