Қырымның Керчь қаласында сәрсенбіде болған атыс-жарылыс құрбандарының саны соңғы деректерге сай 19-ға жеткен. Қайғылы оқиға политехникалық колледжде болды. Жергілікті тұрғындар сол оқу орнының жанына гүл шоқтарын қойып, майшам жақты.
Өткен тәулікте мұнда 18 жастағы Владислав Ростяков есімді 4-ші курс студенті оқ атып, кейін металл толтырылған бомбаны іске қосқан. Бастапқыда оқиға «теракт» деп бағаланып, кейін «жалпыға қауіпті әдіспен бір немесе бірнеше адамды өлтіру» бабына өзгертілді.
Курстастарының сөзінше, Ростяков тұйық мінезді болғанымен, қару-жараққа қызығушылық танытып жүрген.
Қырымда осы оқиғаға байланысты үш күн қаралы деп жарияланды. Ал, Керчте жоғары дайындық тәртібі енгізіліп, әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіру қатаңдатылған. Бұған қоса, қаладағы мектептер мен балабақшалардың әрқайсысын күзетуге «Росгвардияның» қаруланған жасақтары екі-екіден қойылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.