Қытай экономикасының үшінші тоқсандағы қарқыны баяулады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай экономикасының үшінші тоқсандағы қарқыны баяулады

19.10.2018

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, шілде-қыркүйек айларында бұл мемлекеттің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Тоқсандық мөлшермен алғанда бұл – 2009 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қытай бүгінде бірқатар экономикалық қауіптерге душар болып отыр. Оның қарызы өсіп, АҚШ-пен сауда жанжалы күшейіп келеді. Бұл жағдайлар алдағы айларда Қытай экономикасының дамуына салмақ түсіреді деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК                     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу