Керчь қаласындағы шабуыл жасалған колледжде тергеу жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керчь қаласындағы шабуыл жасалған колледжде тергеу жұмыстары жүріп жатыр

19.10.2018

Қырымның Керчь қаласында сәрсенбіде шабуылға ұшыраған колледжде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеушілер тобы едендерде қалған қан үлгілерін алып, қабырғалардан тесіп өткен оқтарды шығарды. Сонымен бірге, олар атыс пен жарылыс ұйымдастырып, кейін өзіне-өзі қол салған студенттің сол күнгі қантөгіске дейін барған ізімен жүреді. Осы арқылы 18 жастағы Владислав Росляковтың неліктен оқ атып, жарылыс жасағынын анықтау көзделіп отыр. Оның әрекетінен 21 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. Марқұмдардың 17-сі - осы колледждің студенттері, ал 5-еуі қызметкерлері. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу