АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Қытайға қысым жасау үшін елдің ядролық арсеналын ұлғайтпақ. Бұған дейін Ақ үй басшысы Мәскеумен 1987 жылы жасалған ядролық келісімнен шығатынын ескерткені белгілі.
Ресей де Құрама Штаттар қаруын дамытса, оны жауапсыз қалдырмайтынын ескертті.
Трамптың сөзінше, Ресей ядролық оқтұмсық таситын қанатты зымыран жасай отырып, 31 жыл бұрынғы Кеңес одағы-Америка пәтуасын орындамай отыр. Алайда, Кремль келісімді бұзды деген мәлімдемелерді үнемі жоққа шығарып келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.