Иордания мен Израиль арасында жер дауы күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордания мен Израиль арасында жер дауы күшейіп келеді

23.10.2018

Осыдан бірер күн бұрын Иордания 1994 жылы қол қойылған жалға беру туралы келісімнің мерзімін ұзартпайтынын ескертті. Ол құжатқа сәйкес, Иордан өзенінің екі жағында жатқан құнарлы жерлерді Израиль пайдаланып келді. Енді сол лизингтің мерзімі аяқталуға жақын. Демек, израильдік фермерлер егістік алқаптарынан айырылып қалуы мүмкін.

Ивритше Нахараим, арабша Бақора деп аталатын бұл ауданда 1997 жылы атыс болып, иорданиялық жауынгерлер израильдік жеті оқушы қызды атып тастаған болатын. Өзге бір мәліметке қарағанда, Израиль даулы территорияны 1920 жылы Британ империясымен жасалған келісім бойынша өзіне қайтарып алғысы келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу