Саудиялық журналист Хашоггидің өлімі көп күн бұрын жоспарланған. Мұны бүгін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған «Әділет және даму партиясының» отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар, ол марқұмның қазасына қатысты сұрақтардың көп екенін айтып, Корольдікті жауап беруге үндеді.
Ердоғанның сөзінше, осы іске қатысты тергеу мұқият жүріп жатыр және көптеген айғақтар бар. Бұған қоса, президент Сауд Арабиясынан Стамбулға бір күн бұрын ұшып барған 15 адамның Хашогги өлтірілген күні консулдыққа кіргенін, ғимаратта бейнебақылау камераларының алынып тасталғанын атап өтті.
Түркия президентінің мәлімдеуінше, журналисті өлтіруге кімнің бұйрық бергені және оның денесінің қайда екені анықталуы тиіс.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.