АҚШ-та медициналық мекемеде тазалық талаптарының сақталмауынан аденовирус тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та медициналық мекемеде тазалық талаптарының сақталмауынан аденовирус тарады

24.10.2018

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында аденовирустан 6 бала қайтыс болып, 12-сі инфекциялық ауруды жұқтырды. Жапа шеккендер арасында кішкентай сәбилерден бастап 18 жасқа дейінгі балалар бар.

Оқиға Хаскелль қаласындағы күтім және оңалту орталығында болған. Тексере келе, Денсаулық сақтау департаменті медициналық мекемеде тазалық талаптарының жеткілікті деңгейде сақталмағанын анықтады. Дәлірек айтқанда, балалардың қолды жақсылап жууына жағдай жасалмаса керек. Қазір ауру белең алған емдеу орталығында науқастарды қабылдау уақытша тоқтатылды.

Айта кетсек, аденовирус инфекциясына шалдығудың басты белгілері - конъюнктивит, ринит, бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің болмауы және ұйқышылдық. Ол, әсіресе, иммунитеті төмен балалар үшін қауіпті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу