Бразилияда әсіре оңшыл бағытты ұстанушы Жаир Болсонару президент атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда әсіре оңшыл бағытты ұстанушы Жаир Болсонару президент атанды

29.10.2018

Бразилияда әсіре оңшыл бағытты ұстанушы Жаир Болсонару президент атанды. 63 жастағы саясаткер сайлаушылардың 55 пайыз дауысын жинап, өзінің екінші турдағы қарсыласын басып озған. Жаңа президент 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметке кіріседі. Болсонаруды кейбіреулер «тропикалық Трамп» деп атап жүр. Өйткені, саясаткер сайлауалды науқан кезінде АҚШ президенті Дональд Трампқа еліктеп, оны үлгі тұтатынын мәлімдеген еді. Бразилияның жаңа мемлекет басшысы әйелдерге, иммигранттарға қарсы мәлімдемелері үшін сынға алынып келді. Бұған қоса, оның әскери диктатураны қолдайтыны туралы да айтылып жүр. Болсонару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге уәде берді. Биліктегі коррупциядан қалған бразилиялықтардың көбі жаңа президенттің жемқорлықты түбегейлі жойып, елге өзгерістер әкелетінінен үмітті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу