Ресейдің Краснодар өлкесіндегі су тасқынынан 6 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 144-ке жеткен.
Қазанның 24-де үздіксіз жауған нөсер соңы өзендердің арнасынан шығуына әкеліп соқты. Одан барлығы 27 елді мекен жапа шеккен. Бір тәулікте мұнда жауын-шашынның екі айлық мөлшері түсіп, өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.