Индонезияда кеше құлаған ұшақта болған адамдарды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Лайнердің «қара жәшіктерін» табу үшін су астына арнайы құрылғылар, ультрадыбыстық детекторлар орнатылып, дайверлер жіберілді. Сонымен бірге, теңіз бетінде 15 кеме жүзіп жүр.
Құтқарушылар бұған дейін «Боингтің» сынықтарын, адамдардың дене мүшелерін, ұялы телефондарын, жеке бас куәліктерін су астынан тапты. Бюджеттік «ЛайнЭйр» компаниясының иелігіндегі «Боинг» дүйсенбіде таңертең Джакарта әуежайынан ұшқаннан кейін 13 минут өткенде Ява теңізіне құлаған. Ал, мұның алдында ұшақ экипажы әуежайға қайта оралуға рұқсат алған екен. Тағы бір айта кететін жайт, құрдымға кеткен лайнер екі ай бұрын ғана қолданысқа берілген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.