Мехикода 13 млрд. долларға әуежай салу мәселесі үлкен дауға себепші болып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мехикода 13 млрд. долларға әуежай салу мәселесі үлкен дауға себепші болып отыр

30.10.2018

Мексика астанасында 13 млрд. долларға әуежай салу мәселесі үлкен саяси дауға себеп болып отыр. Қазір оның құрылысы жартысына жеткен. Дегенмен, жақында өткен референдумда мексикалықтардың басым көпшілігі соншалықты қымбат авиациялық порт салуға қарсы дауыс берді.

Қарашада қызметіне кірісетін жаңа президент Андрес Мануэль Лопес Обрадор бұл плебисциттің заңды күші болмаса да, халықтың қалауын қолдайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, британдық архитектор Норман Фостердің жобасы әлеуметтік мәселелері қордаланған Мексика үшін тым қымбат. Оның орнына Обрадор елдің солтүстігіндегі әскери базада қосымша терминал және екі ұшу-қону жолағын салуды ұсынып отыр.

Арзанға түсетін бұл жобаны халық та қолдады. Дегенмен, қазіргі мемлекет басшысы Энрике Пенья Ньето өкілеттігі біткенше, жаңа әуежай құрылысының жалғасатынын алға тартып отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу