Эквадор Джулиан Ассанжды АҚШ полициясына тапсырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадор Джулиан Ассанжды АҚШ полициясына тапсырмақ

30.10.2018

Эквадор өзінің Лондондағы елшілігінде жасырынып отырған Джулиан Ассанжды АҚШ полициясына тапсырмақ. Мұны Ассанждың өзі телеконференция арқылы мәлімдеді. Атышулы «Викиликс» сайтының негізін қалаған Ассанж бұл дипломатиялық миссияда 6 жылдан бері тұрып жатыр.

Ал, Эквадор үкіметі одан дәрі-дәрмекке, телефон байланысына және мысығын бағуға кеткен шығындарды қайтаруды талап етіп отыр. Жалпы алғанда, Ассанж алты жылда Эквадорға 6 миллион доллар қарыз болып қалған.

Айта кетсек, Эквадор басшылығы Ассанждың әлем елдеріндегі кейбір саяси мәселелерге пікір айтқанына наразы.

Джулиан Ассанж АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының мыңдаған құпия мәліметін жариялағаны үшін Вашингтонның қаһарына ілікті. Ал, Британ үкіметі оны кепілдік туралы ережені бұзғаны үшін айыптап, жауапқа тартқысы келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу