Бүгін АҚШ-тың Иранға жариялаған ең қатаң санкциялары өз күшіне енеді. Сондықтан, Ислам Республикасында Құрама Штаттарға қарсы ауқымды шерулер өтті. «Америка жойылсын!» - дейді демонстранттар.
Осы жолы Трамп әкімшілігі 2015 жылғы ядролық келісімге байланысты алынып тасталған барлық экономикалық шектеулерді қайта жандандырады. Оған сәйкес, Тегеранмен сауда жасаған елдер де жазаланады.
Жаңа санкцияға 700-дей адам мен нысандар, ұшақтар, кемелер іліккен. Олардың қатарында ірі банктер мен мұнай экспортерлері және шикізат тасымалдаушы компаниялар бар.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдегендей, Американың санкцияларынан қауіптеніп, Ираннан 100-ден астам халықаралық компания кеткен. Сонымен қатар, оның дерегінше, Ислам Республикасының мұнай экспорты тәулігіне миллион баррельге төмендеп кеткен.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.