Париж тас жолдарының бірінде қозғалыс шектелді. Бұған жүздеген жедел жәрдем көлігінің трассаға шығарылуы себеп. Осы арқылы жедел жәрдем қызметкерлері қазанның 1-де күшіне енген әлеуметтік қауіпсіздік реформасына қарсы шықты. Қала ішінде жедел жәрдем көліктерінің дыбыстық дабылы ұзақ уақыт бойы естілген. Шеруге осы саланың 2 мыңдай қызметкері қатысып, олар Денсаулық министрлігі ғимаратына дейін барған. Реформаға сай, науқастар бұдан былай өздері қалаған жедел жәрдем көліктері компаниясының қызметіне жүгіне алмайды. Мұның орнына ауруханаларға пациенттерді тасымалдау үшін арнайы бюджет бөлінбек. Демек, жоғарыда аталған компаниялар қызметіне сұраныс төмендеуі мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.