Түркияда жылдық инфляция мөлшері соңғы 15 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жылдық инфляция мөлшері соңғы 15 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

06.11.2018

Түркияда жылдық инфляция мөлшері қазанда 25,2 пайызға көтерілді. Бұл - соңғы 15 жылдағы ең жоғарғы өсім. Тұтыну заттарының құны өткен айда 2,5 пайыздан астам бағаға қымбаттаған. Бұған елдің ұлттық валютасының арзандауы себеп. Лира доллардың қасында биыл өз құнының 30 пайызын жоғалтты. Сарапшылардың айтуынша, Түркия экономикасы осы және келесі тоқсандарда төмендеуін жалғастыра бермек. Бұл процеске Орталық банктің қымбатшылықты тоқтату шаралары да тосқауыл бола алмай отыр.

Өткен аптада елдің Қаржы министрі тұтынушылардың шығындарын көтеру үшін салықты төмендететінін жариялады. Дегенмен, «Мудис» рейтингілеу агенттігінің мәлімдеуінше, бұл шара тиімсіз әрі лираға салмақ түсіруі мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу