Ким Чен Ын Куба президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын Куба президентімен кездесті

06.11.2018

Пхеньянда әлемдегі екі коммунистік мемлекеттің лидерлері кездесті. Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын Куба президенті Мигель Диас-Канельді әуежайда қарсы алды. Олар бірқатар халықаралық проблемалар мен өзара қарым-қатынасты нығайтуды талқылаған. Сондай-ақ, осы сапар барысында Ким Чен Ынның бірінші ресми портреті мен Куба басшысының суреті жарық көрді. Алғашқы көркем суретте Корея басшысы жайдары, әрі батыс стиліндегі костюм киіп, галстук таққан. Бақылаушылардың ойынша, бұл портрет Солтүстік Кореяда жеке басқа табынушылықтың күшейгенін білдіреді. Себебі, бұған дейін халық арасында Ким Чен Ын көбінесе әкесінің ізбасары ретінде көрініп жүрді. Оның мәртебесінің өзгеруіне биыл өткен бірнеше халықаралық кездесулер көмектесті деген пікір бар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу