АҚШ-та барға жасалған шабуылдан 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та барға жасалған шабуылдан 12 адам қаза тапты

08.11.2018

Құрбандардың біреуі - полицей. Ол қатты жараланып, ауруханада жан тәсілім етті. Барға түнгі сағат 11-ден 20 минут өткенде кіріп, жан-жағына оқ жаудырған адамның өзін де қауіпсіздік күштері мерт қылды.

Қантөгіс Лос-Анджелес маңындағы Таусенд Оукс қалашығында болды. Шабуыл кезінде барда 200-дей адам отырған. Олар атыс басталғанда терезелерді орындықпен сындырып, далаға қашыпты. Ал, кейбір куәгерлер шабуылшының түтіндейтін зат ұстағанын көрген.  

Эрика Сигман, куәгер:

- Атылған оқтың жаңғырығы қандай болатынын білесіз. Біз орындықтардың астына тығылдық. Тіпті аздап түтін көрінді. Досым бәрін анық байқаған. Ал, мен жасырынып жаттым. Құрбым бомба түтіндей бастады, қашайық деп айтты. Содан кейін екеуіміз менің көлігіме жетуге асықтық.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу