Трамп пен Путин Парижде кездесіп аз ғана сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Путин Парижде кездесіп аз ғана сөйлесті

12.11.2018

Ресей президенті Владимир Путин мен оның америкалық әріптесі Дональд Трамп Парижде кездесіп, қол алысып, аз ғана сөйлесті. Яғни, олар АҚШ бас тартайын деп отырған зымырандық келісім мәселесін талқылай алмады. Оның өз себептері бар. Біріншіден, Франция президенті Эммануэль Макрон екі лидер жүздессе, Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 100 жылдығына арналған рәсім көлеңкеде қалып қояды деп қауіптеніп, Трамп-Путин келіссөздеріне жол бермеген. Екіншіден, кездесу кестесі жасалмаған. Үшіншіден, ұйымдастырушылар екі президентті түскі аста бір-бірінен бөлек отырғызған.

Айта кетсек, бұл еске алу шарасына әлемнің 80-нен астам елінің жетекшілері жиналды.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Макронның ойынша, бейбітшілікті көпжақты қатынастардың күшімен ғана сақтауға болады. Сондай-ақ, Меркель Бірінші дүниежүзілік соғыс оқшауланудың әлемдік проблемаларға жауап бере алмайтынын дәлелдеп берді атап өтті.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу