Францияда мұғалімдер мектептерде жұмыс орындарының қысқаруына наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мұғалімдер мектептерде жұмыс орындарының қысқаруына наразылық білдірді

13.11.2018

Францияда мұғалімдер Париж көшелеріне шығып, мемлекеттік және жекеменшік мектептерде жұмыс орындарының қысқаруына наразылық білдірді. Жалпы алғанда, 2011 жылдан бері ұлттық білім кәсіподақтары алғаш рет ереуіл жариялап, осы аптада парламентте талқыланатын бюджет реформасына қарсы ұрандар көтерді.

Жаңа бюджетке сәйкес, мектептерде 3600-дей жұмыс орны қысқаруы керек. Сондықтан, білім министрлігінің мәліметінше, дүйсенбі күні Францияда мұғалімдердің 10 пайызы ереуілге шыққан. Ал, кәсіподақтарға сенсек, кеше оқытушылардың 50 пайызы манифестацияға қатысты. Демонстранттардың айтуынша, бюджет қысқаратын болса, оқу сағаттары азайып, білім сапасы төмендейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу