19 караттық сирек кездесетін қызғылт гауһартас аукционда рекордтық бағаға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 караттық сирек кездесетін қызғылт гауһартас аукционда рекордтық бағаға өтті

14.11.2018

Салмағы 19 караттық сирек кездесетін қызғылт гауһартас «Кристи» аукционда рекордтық бағаға өтті. Оны «Гарри Уинстон» зергерлік үйі 50,3 миллион долларға сатып алған. Жаңа иесі гауһартастың атын бірден «Уинстонның қызғылт мұрасы» деп өзгертті.  

Алмаз Оңтүстік Африкадағы кен орындарының бірінен табылған. Қымбат тас бұған дейін «Де Биирс» алмаз компаниясын басқаратын Оппенгеймерлер отбасына тиесілі болған екен.

Айта кетерлігі, «Кристи» аукционының 250 жылдық тарихында салмағы 10 караттан асатын қанық қызғылт түсті гауһартас небәрі 4 рет қойылған екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу