Жапон теңізінде балықшылардың екі кемесі соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон теңізінде балықшылардың екі кемесі соқтығысты

15.11.2018

Бүгін Жапон теңізінде балықшылардың екі кемесі соқтығысты. Траулерлер Жапония мен Оңтүстік Кореяға тиесілі. Мұны екі елдің «Киодо» және «Йонхап» ақпараттық агенттіктері хабарлап отыр. Оқиға Токио мен Сеул арасындағы даулы Такэсима аралдарынан 330 шақырым қашықтықта болған. Соңғы мәліметтерге сай, 48 тонналық оңтүстіккореялық кеме апат кезінде суға батып, онда болған 13 адам құтқарылды. Ал, жапониялық траулер мен оның экипажы дін аман. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін апат болған жерге патрульдік кеме мен тікұшақтар жіберілді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу