Чехия астанасы Прагада мыңдаған адам шеруге шығып, премьер-министр Андрей Бабиштің отставкаға кетуін талап етті. Оның үкіметіне сенімсіздік жариялау мәселесін парламент бүгін дауысқа салады.
Наразылық акциясына қатысқан мыңдаған адам «отставка», «масқара» деген ұрандар көтерді.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бабиш өзіне қарсы коррупциялық істі тергеуге қатыстырмау үшін ұлын былтыр Қырымға еркінен тыс жіберген. Мұны кіші Бабиш журналистерге айтып берді. Алайда, премьер-министр баласының психикалық ауруы бар екенін мәлімдеп, отставкаға кетуден бас тартып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.