Ресей мен Вьетнам сыртқы экономикалық байланыстарда ұлттық валютамен есеп айырысуды жалғастыра бермек. Мұны екі елдің үкімет басшылары Ханойда өткен кездесуде мәлім етті. Ал, екіжақты сауда көлемін 3 есеге арттырып, 10 миллиард АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Бұған Ресей мен Вьетнам арасындағы еркін сауда келісімі жол ашпақ. Ауылшаруашылық саласында да қарым-қатынастарды жаңа сатыға көтеру жоспарланып отыр. Айта кетсек, Мәскеу - Ханойге ең ірі қару-жарақ тасымалдаушы. Сонымен бірге, ресейлік компаниялар Вьетнамдағы бірқатар энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жатыр.
Вьетнам Ресейден бидай импорттау бойынша Мысыр, Түркия, Бангладештен кейінгі төртінші орында тұр. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет биыл осы елден 1,2 миллион тонна астық сатып алған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ