АҚШ-тың Калифорния штатында біраздан бері ырық бермей жатқан алапат өрттің сөнуіне жауын көмектесті. Алайда, күшті жаңбыр онсыз да берекесі қашқан үйлердің астан-кестеңін шығарып, із-түзсіз кеткендерді іздеу-құтқару операциясына кедергі келтіріп жатыр. Соңғы деректерге қарағанда, өрттен бас-аяғы 81 адам қаза тапқан. 870 тұрғын жоғалғандар санатында. 14 мыңға жуық үй мен ғимарат жойылды.
Жауынның көмегімен өрттің 80 пайызы сөндірілген. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашын лай көшкіні мен су тасқынына ұласуы мүмкін.
Жергілікті тұрғындарға қауіп-қатер ескертілді. Билік болса, қауіпсіздік мақсатында қажетті шаралар қолданып жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.