Түркияда әскери тікұшақ апатынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда әскери тікұшақ апатынан 4 адам қаза тапты

26.11.2018

Түркияда әскери тікұшақ тұрғындар кварталына құлап, 4 адам қаза тапты. Тағы бір адам жараланған. Оқиға Стамбулдың Санккатепе ауданында болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуе машинасы «Самандира» авиабазасында жаттығуға қатысқан. Әзірге оның апатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы мен жедел жәрдем қызметкерлері жетті. Сонымен қатар, апаттың мән-жайын тексеруге Қорғаныс министрі Акар Хулусидің өзі баратыны хабарланды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу