Ауғанстан астанасы Кабулде қаруланған адамдар британ қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады. Олар тұратын лагерь сыртында бомба қойылған көліктің күллі көкке ұшқан. Шабуылдан 10 адам мерт болып, 19-ы жараланды. Жарылыстың күштілігі сонша - одан жақын маңдағы дүкендер мен үйлердің және өзге де ғимараттардың терезелері сынған. Ал, бұл оқиғаның алдында ел президенті Ашраф Ғани Ауғанстандағы бейбітшілік жоспарын жариялаған еді. Соңғы мәліметтерге сай, шабуылды «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.