Украина өз аумағына 16 мен 60 аралығындағы ресейлік ер адамдардың кіруіне тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина өз аумағына 16 мен 60 аралығындағы ресейлік ер адамдардың кіруіне тыйым салды

30.11.2018

Мұны бүгін президент Петр Порошенко мәлімдеді. Мұның алдында Киев шетелдіктердің, әсіресе, ресейліктердің Қырымға енуіне тосқауыл қойған-ды. Дегенмен, дипломатиялық паспорты барлар мен Украинада уақытша немесе тұрақты тұратын ресейліктердің Украина территориясына өтуіне рұқсат беріліп отыр.

Айта кетсек, осы аптаның басында Порошенконың қаулысымен Украинада 30 күндік соғыс жағдайы жарияланды. Оған Ресей шекарашыларының Керчь бұғазында Украинаның катерлерін атқылап, 24 жауынгерін тұтқындауы себепші.

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу