Катар мемлекеті Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы – ОПЕК-тен 2019 жылы қаңтардың 1-де шығатынын жариялады. Мұны бүгін осы елдің энергетика министрі Саад Шерида әл-Қааби Дохада мәлімдеген. Оның айтуынша, Катар энергетикалық картельге мүшелігін тоқтатқаннан кейін, табиғи газ өндіруге көбірек мән бермек. «Біздің мұнайдағы әлеуетіміз зор емес. Біздің әлеуетіміз - газ»,-дейді әл-Қааби.
Айта кетсек, Катар ОПЕК-ке 1961 жылы кірді. Ол мұнай өндіру бойынша бұл ұйымда небәрі 11-ші орында тұрған.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.