Францияда шерулер нәтижесінде газ бағасы өспейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда шерулер нәтижесінде газ бағасы өспейтін болды

04.12.2018

Франция премьер-министрі Эдуард Филипп отын бағасын көтеруге жарты жыл мараторий жариялады. Сондағы мақсаты – бұл даулы мәселені қоғамдық талқыға салып, тұтынушыларға тиімді шешім қабылдау. Келіссөздер кезінде газ бен электрге де тариф өспейді. Айта кету керек, бағаны түсіру  – шерушілердің негізгі талаптарының бірі.

Францияда соңғы үш аптада қымбатшылыққа қарсы демонстрациялар тоқтамай отыр. Ірі қалаларда көшеге шыққан жүздеген мың адам президент Эммануэль Макроннан не отын құнын түсіруді, не отставкаға кетуді талап етіп жатыр. Наразылық акциялары үлкен тәртіпсіздіктерге ұласып, талай көлік өртеліп, ғимараттарға от қойылып, 3 адам қаза тауып, 130-дан астамы жараланды. Ал, тұтқындалғандар саны 400-ге жетіп отыр.

Францияда соңғы бір жылда дизельдік отын бағасы 20 пайызға өскен. Макронның ойынша, отынның қымбаттауы елді экологиялық таза энергияға көшуге ынталандырып, экономиканы мұнай нарқына тәуелділіктен арылтады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу