Францияда 2019 жылы отын салығы өспейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда 2019 жылы отын салығы өспейтін болды

06.12.2018

Ел президенті Эммануэль Макрон осылай деп уәде етті. Ұлттық жиында осы мәселеге қатысты өткен отырыстан кейін келер жылы отын бағасын ұлғайтпау туралы шешім қабылданған. Бұған «Сары кеудешелер» қозғалысы өздерінің 17 қарашадан бері жалғасып жатқан шерулерін тоқтатпайтыны туралы мәлімдемесі түрткі болса керек. Олар осы сенбіде демонстрацияға шығуды жоспарлап қойған еді. Билік наразылық акциясы тағы да ірі тәртіпсіздіктерге ұласуы мүмкін деп қауіптенеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу