Украина қанатты зымырандарды сынақтан өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина қанатты зымырандарды сынақтан өткізді

06.12.2018

Украина «Нептун» атты кемеге қарсы қанатты зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Мұны елдің қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Оның ақпаратына сай, ракета 280 шақырым қашықтықтағы нысанға дәл тиген. Сынақ Одесса облысында жүзеге асырылды. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзінше, жаңартылған кешен әуеден де, теңізден де қорғанысты қамтамасыз етуге, жалпы алғанда, Қара және Азов теңіздері жағалауларын қорғауға қауқарлы. Бұл тәжірибе Украина мен Ресей қатынастары өткен айда Азов теңізінде болған оқиғаға қатысты шиеленіскен шақта жасалып отыр.

Қарашаның 25-де Ресей әскерилері Украинаның екі кемесіне оқ атып, экипаж мүшелерін қамауға алды. Бұл оқиға үшін тараптар бір-бірін айыптап келеді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу